«Қайрат» шабуылшысы: «Бұл ойында ең мықтылардан сабақ алуымыз керек»

«Қайраттың» бразилиялық шабуылшысы Жоржиньо Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі екінші турда «Реалдан» (0:5) алған жеңілістен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Біз бұл ойынның өте қиын болатынын білдік. Алғашқы 15 минутта жақсы ойнадық деп ойлаймын. Бар күшімізбен басып, прессинг жасадық, тіпті гол соғуға жақын болдық. Бірақ «Реал» есеп ашқан соң, өз ырғағын орнатып алды. Иә, ойын аяқталғаннан кейін тағы да «Реалдың» мықтылығын мойындау керек. Бұл жеңілістен сабақ аламыз, ең үздіктерден үйренуіміз қажет», — деді Жоржиньо Legalbet порталына берген сұхбатында.
Еске сала кетейік, «Қайраттың» келесі қарсыласы Кипрдің «Пафосы» болмақ. Кездесу 21 қазанда Алматыда өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или