Әлем чемпионатында қазақстандық жас шахматшылар 3 алтын жеңді

Алматыда кадеттер, яғни 12 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
11 тур қорытындысы бойыншы қазақстандық шахматшылар арасында 8 жастағы Алиша Бисалиева мен Әдинұр Әділбек, сондай-ақ 12 жастағы Данис Қуандықұлы әлем чемпионы атанды. Соның арқасында Қазақстан құрамасы командалық есепте үздік болды. Екінші орынға ұпай саны бойынша Қытай (1 алтын, 1 күміс, 1 қола), ал үшінші орынға АҚШ құрамасы (1 алтын, 1 күміс, 1 қола) жайғасты.
Сонымен қатар 10 жас санатында ұлдар арасында қытайлық Юань Шуньчжэ, қыздар арасында Үндістан өкілі Шарвааника Сараванан, 12 жас санатында қыздардан америкалық Лейси Ванг топ жарып, алтын алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или