Индонезияда өтетін әлем чемпионатында алты қазақстандық гимнаст ел намысын қорғайды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы Джакартада (Индонезия) өтетін әлем чемпионатында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін жариялады.
Әртүрлі бағдарламада жүлде үшін алты гимнаст бақ сынайды:
- Нариман Курбанов (ат снарядындағы жаттығулар)
- Милад Карими (кермедегі жаттығулар, еркін жаттығулар)
- Дмитрий Патанин (еркін жаттығулар, қоссырық пен шығыршықтағы жаттығулар)
- Ильяс Әзізов (еркін жаттығулар, қоссырық және кермедегі жаттығулар)
- Диас Тойшыбек (ат снаряды, қоссырық және кермедегі жаттығулар)
- Зейнолла Ыдырысов (ат снарядындағы жаттығулар)
Айта кетейік, әлем чемпионаты 19–25 қазан аралығында өтеді. Өткен әлем біріншілігінде Милад Карими еркін жаттығуларда қола медаль жеңіп алған еді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или