«Қайрат» — «Реал»: негізгі құрамдар шықты

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші туры аясында өтетін «Қайрат» - «Реал Мадрид» матчына негізгі құрамда шығатын футболшылар тізімі белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Қайрат» : Қалмырза, Тапалов, Мартынович, Сорокин, Мата, Мрынский, Қасабулат, Арад, Грамыко, Жоржиньо, Сәтпаев
«Реал Мадрид»: Куртуа, Асенсио, Хёйсен, Алаба, Гарсия, Чуамени, Себальос, Гюлер, Мастантуоно, Винисиус, Мбаппе.
«Қайрат» — «Реал» матчының тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен 21:35-те басталады, оны Qazsport телеарнасынан көруге болады.
Айта кетейік, «Қайраттың» Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі қарсыластары: «Спортинг», «Реал», «Арсенал», «Интер», «Копенгаген», «Брюгге», «Олимпиакос», «Пафос».
Алғашқы ойында қазақстандық команда «Спортингтен» 4:1 есебімен жеңілді, «Реал Мадрид» бірінші ойынында «Марсельмен» кездесіп 2:1 есебімен жеңді.
«Реал Мадрид» командасының мүшелері «Қайратқа» қатысты пікір білдірді
«Барселона» клубы өткен ғасырдағы рекордты қайталады
ФИФА пенальти соққыларын реттейтін ережелерге өзгерістер енгізуді көздеп отыр