Лангкави туры: Маттео Малучеллидің екінші жеңісі

«Тур Лангкави» көпкүндігінің үшінші кезеңі XDS Astana Team командасының шабандозы МаттеоМалучеллидің кезекті жеңісімен аяқталды. Бірінші кезеңде жеңіске жеткен Малучелли бүгін үшінші кезеңді де өз атына жазды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қашықтықтың алғашқы жартысындағы өрлерге қарамастан, кезең жаппай спринтпен аяқталды. Фотофиниш нәтижесіне сай жеңіс Маттео Малучеллиге бұйырды, ал екінші орынды АлександрКристофф иеленді — олардың арасын бар болғаны бірнеше сантиметр бөліп тұрды.
«Жарыстың алғашқы жартысы өте қиын болды, сондықтан біз тек жағдайды бақылап, өзырғағымызды сақтауды жоспарладық. Бірақ шыңға бірнеше шақырым қалғанда Де Клейн пелотоннанартта қалып жатқанын естіген соң, қарқын қосып, айырманы ұлғайтуға тырыстық. Кейін командажігіттері керемет жұмыс атқарды — мәреге дейін жарысты бақылауда ұстады. Соңғы шақырымдамені алға алып шықты. Менің басты мақсатым — соңғы бұрылысты кем дегенде бесінші позицияменөту еді. Бүгін жігіттер көп күш жұмсады, сондықтан соңғы 500 метрде қосымша көмекке сену қиынболды. Сондықтан мен Uno-X шабандоздарының дөңгелегіне отырып, мүмкін, спринттіжоспарлағаннан сәл ертерек бастадым. Нәтижесінде спринт өте тартысты өтті — кім жеңді дегенсұрақ біраз уақытқа дейін анық болған жоқ. Бірақ, қуаныштымын — бұл күн біз үшін жеңіспенаяқталды. Әрине, Александр Кристоффтың бүгін жеңіске жете алмағанына өкінемін — оның дабелгілі бір мақсаты бар екенін білемін. Бірақ біздің командамыз бүгін тамаша жұмыс атқарды жәнебұл жеңіске әбден лайық. Бірақ иә, екінші орынға басқа біреу шыққанын қалар едім. Қалай болғандада, алда мен үшін де, Александр үшін де жақсы кезеңдер бар, ол әлі талай мәрте шабуыл жасайтынысөзсіз», — деді Маттео Малучелли.
XDS Astana Team бұл кезеңде белсенді жарыс өткізді. Пелотонды бақылаумен қатар, Аарон Гейт үшаралық мәренің үшеуінде де бірінші келіп, 9 бонус секунд жинады. Бұл оған жалпы есепте үшіншіорынға көтерілуге мүмкіндік берді. Ал көшбасшылықты әлі де Маттео Малучелли сақтап отыр.
XDS Astana Team жалпыкомандалық есепте де көшбасшы орынды сақтап қалды.
«Aстана» Бельгиядағы велобәйгеде бақ сынайды
«Астана» шабандозы Франциядағы жарыста үшінші орын алды
«Астана» командасының «Коппа Сабатини» жарысына қатысатын құрамы белгілі болды