Алматыға тарихи матчты көру үшін шетелден 5 мыңнан астам турист келген

Алматыда өтетін «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчын тамашалау үшін 26-29 қыркүйек аралығында 5 мыңнан астам шетелдік қонақ келді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алматы қаласы әкімдігінің хабарлауынша, Қазақстанның өзге өңірлерінен келген жанкүйерлермен бірге жалпы көрермен саны ондаған мың адамға жетті. Бұл туралы Алматы қаласы Туризм басқармасы «e-Qonaq» ақпараттық жүйесінің деректеріне сілтеме жасап хабарлады.
Негізгі туристер легі Қытай, Үндістан, Ресей, Қазақстанның басқа облыстарынан, сондай-ақ Жапония, Ұлыбритания, Испания, Чехия, ТМД және өзге де Еуропа мемлекеттерінен келген.
Матчтың экономикалық әсері айтарлықтай жоғары болмақ. Mastercard компаниясының мәліметінше, Алматыға келген шетелдік туристің орташа шығыны шамамен 1 500 АҚШ долларына жетеді. Бұл қаржыға қонақ үйде тұру, тамақтану, көлік, ойын-сауық пен сауда кіреді. Мұндай шығындар шағын және орта бизнестің дамуына серпін беріп, қызмет көрсету саласын жандандырады әрі қала экономикасына мультипликативті әсер етеді.
ФИФА пенальти соққыларын реттейтін ережелерге өзгерістер енгізуді көздеп отыр