Уэйн Руни «Манчестер Юнайтедтің» қазіргі бапкері туралы пікір білдірді

Уэйн Руни «Манчестер Юнайтедтің» қазіргі бапкері туралы пікір білдірді

Англия ұлттық құрамасы мен «Манчестер Юнайтед» клубының бұрынғы шабуылшысы Уэйн Руни қызыл сойқандардың қазіргі бас бапкері Рубен Аморимге сенбейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz. 

«Рубен Аморим менің құрдасым. Ол әлі жас бапкер және болашағы жарқын деп ойлаймын. 

Бірақ «Ман Юнайтедтегі» жағдайды өзгерте алады дегенге сенбеймін. Клубты танымай қалдым. Ойыншылардан мінез, жеңіске деген құштарлық көріп тұрған жоқпын», – деді Руни кезекті сұхбатында.

«Манчестер Юнайтед» португалиялық маман тізгіндегелі өткізген 49 матчтың 21-інде жеңіліп қалды. 

Ал осы маусымда Премьер-лигада алты турдан кейін жеті ұпай жинап, 14-орында келеді.

ФИФА пенальти соққыларын реттейтін ережелерге өзгерістер енгізуді көздеп отыр

Ла Лига: «Барселона» өз алаңында «Реал Сосьедадты» жеңді

Месси 2028 жылға дейін «Интер Майамиде» қалатын болды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или