«Астана» баскетбол клубы International Basketball Championship турнирді жеңіспен бастады

Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы — Абу-Даби халықаралық баскетбол турнирін қабылдауда, деп хабарлайды Prosports.kz.
Abu Dhabi International Basketball Championship 2025 жарысы 29 қыркүйек пен 5 қазан аралығында «Әл-Жазира» клубының жабық спорт кешенінде өтуде.
Чемпионатта мықты жергілікті, аймақтық және халықаралық клубтар бақ сынауда. Атап айтқанда:
- Әл-Вахда, Әл-Дафра және Шарджа лигасы чемпионы (БАӘ)
- Әл-Рияди және Шамвиль (Ливан)
- TNT Tropang Giga — Филиппин баскетбол қауымдастығының вице-чемпионы
- «Астана» — Қазақстан чемпионы
- Әл-Курайн (Кувейт)
«Астананың» алғашқы қарсыласы Кувейттің «Әл-Курайн» клубы болды. Кездесу 101:58 есебімен «Астананың» жеңісімен аяқталды.
Ең нәтижелі ойыншылар қатарында Александр Жигулин (22 ұпай, 5 рет доп қағып алды) және Роберт Пан (20 ұпай) болды.
1 қазан күні елордалық команда Ливанның «Шамвиль», 2 қазан күні «Әл-Вахда» (БАӘ) командасымен кездеседі.
Одан кейін командалардың алған орындарына байланысты плей-офф кезеңі өтеді.