«Қайрат» жастары «Реал» жастарына есе жіберді

Алматыдағы Тимур Сегізбаев атындағы Академия стадионында алматылық «Қайрат» жастар командасы Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турында мадридтік «Реал» U-19 командасымен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Хайме Барросо матчтың 8-минутында-ақ «Реалды» алға шығарды. Виктор Вальлепеньяс 18-минутта қонақтардың басымдығын еселей түсті. 38-минутта алаң иелерінің қақпасына үшінші гол соғылды. Үзілістен кейін 17 жастағы Исмаил Бекболат есепті қысқартты. Алайда Джакобо Ортега Конде 77-минутта тағы бір гол соғып, ойынның нүктесін қойды.
Айта кету керек, ойын барысында Азамат Тұяқбаев пен Якоб Ортега пенальтиді орындай алмады.
Еске сала кетейік, алғашқы ойында алматылықтар сырт алаңда португалиялық «Спортингке» 2:3 есебімен есе жіберген еді. Ал келесі матчын 21 қазан күні «Пафосқа» қарсы өткізеді.
«Қайрат» бапкері ертеңгі «Реалға» қарсы матчқа қатысты пікір білдірді