Әлем чемпионаты: Қазақстандықтардың топтық жарыстағы нәтижелері

Әлем чемпионаты: Қазақстандықтардың топтық жарыстағы нәтижелері

Кигалиде (Руанда) тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Әйелдер арасында өткен топтық жарыста Қазақстан намысын екі спортшы қорғады.

Алайда отандастарымыз лайықты нәтиже көрсете алмады. Фаина Потапова мен Ақпейіл Өсім жарысты аяқтамады.

Канадалық Магделейн Валье жеңіске жетті. Жаңа Зеландия спортшысы Ниам Фишер екінші болды. Ал үшінші орынға испаниялық Маргарита Гарсия табан тіреді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или