Уиттакер UFC чемпионын жеңу мүмкіндігі туралы ойын бөлісті

Уиттакер UFC чемпионын жеңу мүмкіндігі туралы ойын бөлісті

Аустралиялық UFC жұлдызы Роберт Уиттакер ресейлік файтер, орта салмақтағы UFC чемпионы Хамзат Чимаевты жеңу мүмкіндігі жайлы ойын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Нассурдин Имавовтың Чимаевқа қарсы мүмкіндігі бар ма?

— Ух… Чимаев — басқа деңгейдегі аң. Оның күресі, күрестегі тиімділігі таңғалдырады. Сонымен қатар ол бүкіл әлемге 25 минут бойы мұны істей алатынын көрсетті.

— Сол себепті де Риддер — Хамзатқа жақсы қарсылас!

— Чимаевқа қарсы шығу үшін джиу-джитсуды тамаша меңгеру керек. Сондай-ақ сені нокаутқа жібермес үшін лайықты қол жұмысы қажет, — деді Уиттакер Submission Radio-ға берген сұхбатында.

Хамзат Чимаев ММА-де 15 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Қазіргі таңда ол UFC орта салмақтағы рейтингте 4-орында тұр.

Шавкат Рахмоновтың экс-қарсыласы таңғажайып камбэк жасады

Қазақстандық файтер тәжік қарсыласын жеңді

Аустралияда UFC турнирінің басты жекпе-жегі аяқталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или