Алматы әкімі әлем чемпионатында топ жарған спортшыларға ақшалай сыйақы берді

Алматы әкімі әлем чемпионатында топ жарған спортшыларға ақшалай сыйақы берді

Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды әлем чемпионатында топ жарған спортшыларды жоғары нәтижесімен құттықтап, алғыс хат пен қаржылай сертификаттар табыс етті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Сіздерді осы жарқын жеңістеріңізбен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Бұл – мен үшін қос қуаныш, өйткені біздің алматылық спортшылар ұлттық құраманың қоржынына 4 медаль салды. Бұдан бөлек, күрес чемпионатында тағы бір медальға қол жетті. Мұның бәрі – сіздермен бірге мақтанатын жоғары нәтиже», – деді қала әкімі.

Сондай-ақ Загреб (Хорватия) қаласында өткен күрестен әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болған Нұрқожа Қайпанов та алғыс хат және қаржылай сертификатпен марапатталды.

Спортшылардың бапкерлері де алғыс хат пен қаржылай ынталандыруға ие болды.

IBA ұйымы ерлер арасындағы әлем чемпионатын өткізетінін мәлімдеді

World Boxing президенті отставкаға кетсе Головкин басты үміткер атанады

Бокстан ұлттық құрама капитаны күтпеген мәлімдеме жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или