«Реал Мадрид» командасының бапкері мен капитаны «Қайратқа» қатысты сұрақтарға жауап берді

«Реал Мадрид» командасының бапкері мен капитаны «Қайратқа» қатысты сұрақтарға жауап берді

Испанияның «Реал Мадрид» командасының бас бапкері Хаби Алонсо мен команда капитаны Федерико Вальверде алматылық «Қайратқа» қатысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хаби Алонсо баспасөз мәслихатында қосалы құрам ойыншылары туралы әңгімені жоққа шығарды:

- «Қайрат» Чемпиондар лигасына алғаш рет қатысып отыр. Соған қарамастан тәжірибелі, ұйымдасқан команда екенін аңғардық. Бірнеше ойынын таразыладық. Сондықтан әрбір кездесу біз үшін маңызды. Біз үшін жеңіске жету - негізгі мақсат, - деді ол.

Сонымен қатар, испаниялық клубтың бапкері алматылық ұжымның ерлігіне тоқталып өтті:

- «Қайрат» клубының «Селтик» және «Спортингке» қарсы ойындарын көрдік. Алматылық ұжымның командалық және жеке футболшылары жайлы зерттедік. Жекелей де білемін. Олар жақсы ұйымдасқан. Комбинациялық футбол ойнай алатындығын да дәлелдеді, - деді бас бапкер Хаби Алонсо.

Федерико Вальверде болса өз кезегінде Қазақстандағы жанкүйерлерге өз алғысын білдірді:

— Қазақстандық жанкүйерлердің бізді құшақ жая қарсы алғаны қуантады. Кеш уақытқа қарамастан, әуежайдан шыққан сәтте соншалықты көп «Реал» жанкүйерін кездестіру ерекше әсер қалдырды. Шет елдегі қолдаушыларымызды көрсек әрдайым марқайып қаламыз. Бұл – футболдағы ең ғажап көрініс. Алматыға келіп өнер көрсету біз үшін үлкен құрмет.

Айта кетейік, ЧЛ 2-турындағы «Қайрат» – «Реал» матчы ертең, 30 қыркүйек сағат 21:45-те басталады.

«Қайрат» бапкері ертеңгі «Реалға» қарсы матчқа қатысты пікір білдірді

«Реал Мадридті» Алматы әуежайы жылы қарсы алды

«Қайрат» – «Реал» матчына төрешілер тағайындалды

Егор Сорокин «Реалға» қарсы ойын алдындағы ойымен бөлісті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или