Талғат Жайлауов Қазақстан хоккей құрамасын жаттықтыруы мүмкін

Талғат Жайлауов Қазақстан хоккей құрамасын жаттықтыруы мүмкін

Хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына негізгі үміткер белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл қызметке Талғат Жайлауов баруы мүмкін. Қазір ол «Барыстың» бапкерлер құрамында қызмет атқарады. 

«Головой ОбЛед» хабарлауынша, Талғат Жайлауов - хоккейден Қазақстан құрамасының бас бапкері лауазымына негізгі үміткер. Биыл 40 жасқа толған маман маусымаралық кезеңде елордалық «Номад» тізгінін ұстады. Алайда көп ұзамай «Барыстың» бапкерлер штабына кірді. 

2026 жылдың мамыр айында Польшада Қазақстан құрамасы бірінші дивизионда әлем чемпионатында өнер көрсетіп, топ-дивизионға жолдама алу үшін күресетін болады.

Еске сала кетейік, бұған дейін команданы Олег Болякин мен Леонид Тамбиев басқарған кезде Қазақстан құрамасы элита санатынан түсіп қалған еді.

Қазақстандық шабуылшы Польша чемпионатында нәтижелі ойнап жүр

17 жастағы қазақстандық хоккейші Квебек лигасында жаңа клубқа өтті

Қазақстан құрамасының қақпашысы ҚХЛ матчының басты жұлдызы атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или