Дастан Сәтпаев «Реалға» қарсы матч алдында пікір білдірді

Дастан Сәтпаев «Реалға» қарсы матч алдында пікір білдірді

Алматылық «Қайрат» клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев ертеңгі «Реалға» қарсы матч алдында пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Допты тартып алу оңайырақ болу үшін екі ойыншымен күтіп аламыз немесе қорықпай, бірге-бір таласамыз.

Мен үшін ең маңыздысы – команданың жетістігі. Жеңіске жеткіміз келеді. Оңай болмайтынын білеміз. Қарсылас та өте мықты. Олар бірнеше рет Чемпиондар лигасында топ жарған.

Жанкүйерлер үшін барымызды салсақ, қолымыздан келеді деп ойлаймын», – деді «Қайрат» шабуылшысы.

ЧЛ 2-турындағы «Қайрат» – «Реал» матчын 30 қыркүйек күні Qazaqstan және QazSport телеарнасы көрсетеді. Алматыда өтетін матч сағат 21:45–те Орталық стадионда өтеді.

«Қайрат» бапкері ертеңгі «Реалға» қарсы матчқа қатысты пікір білдірді

«Реал Мадридті» Алматы әуежайы жылы қарсы алды

«Қайрат» – «Реал» матчына төрешілер тағайындалды

Егор Сорокин «Реалға» қарсы ойын алдындағы ойымен бөлісті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или