Рафаэль Уразбахтин ертеңгі «Реалға» қарсы матчқа қатысты пікір білдірді

Рафаэль Уразбахтин ертеңгі «Реалға» қарсы матчқа қатысты пікір білдірді

Алматылық «Қайрат» командасының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин UEFA Чемпиондар лигасы негізгі кезеңі екінші турындағы Испанияның «Реал Мадрид» клубымен кездесуге байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бұл жөнінде бас бапкер бүгін өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті.

- Әр кездесу алдында әр қарсыластың осал тұсы зертеледі. Біз атақты клубпен кездесуде осындай осал тұсын табуға тырысамыз. Оны ертеңгі ойын барысынан көресіздер. Ойымыз жүзеге аса ма? Бұл сауалдың жауабы кездесуден кейін белгілі болады, - деді бас бапкер.

Сонымен қатар алматылық клубтың бас бапкері ертеңгі матчта қақпаны кім күзететінін де айтып өтті:

- Шерхан Қалмырза Португалияның «Спортингімен» кездесуде өзін жақсы қырынан танытты. Ешқандай қобалжуды байқаған жоқпын. Оның дайындығы жөнінде қақпашылар бапкері Илья Юров жақсы біледі. Алдағы ойында оған әріптестері көмектеседі деген сенімдемін. ол өзіне жүктелген жауапкершілікті сезінеді, - деді бас бапкер.

Айта кетейік, аталған ойында бас төреші міндеті италиялық Марко Гуидаға жүктеліп отыр. Оған Джорджио Перетти мен Джузеппе Перротти көмектеседі. Төртінші төреші де сол елдің өкілі Симоне Соцца.

Кездесу 30 қыркүйек күні сағат 21:45–те Алматыдағы Орталық стадионда басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

«Реал Мадридті» Алматы әуежайы жылы қарсы алды

«Қайрат» – «Реал» матчына төрешілер тағайындалды

Егор Сорокин «Реалға» қарсы ойын алдындағы ойымен бөлісті


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или