Италия А сериясы: «Милан» өз алаңында «Наполиді» жеңді

Италия А сериясы: «Милан» өз алаңында «Наполиді» жеңді

Италия А сериясының 2025/2026 жылғы маусымының 5-ші турында «Милан» - «Наполи» матчы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойын Миландағы «Сан-Сиро» стадионында өтті. Төреші қызметін Даниэле Чиффи атқарды. Матч 2:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.

 «Милан» cапында Алексис Саелемаекерс пен Кристиан Пулишич гол соқты. Қонақтардың жартылай қорғаушысы Кевин Де Брюйне 60-минутта пенальтиді голға айналдырды.

Осы маусымда Антонио Конте баптайтын «Наполи» командасы бес матчтан кейін 12 ұпаймен А сериясының турнирлік кестесінде үшінші орында тұр. Массимилиано Аллегри жетекшілік ететін «Милан» да 12 ұпай еншілеп, қосымша көрсеткіштер бойынша көш басына шықты.


Ла Лига: «Барселона» өз алаңында «Реал Сосьедадты» жеңді

Месси 2028 жылға дейін «Интер Майамиде» қалатын болды

Мадрид дербиінде жеті гол соғылып, «Атлетико» жеңіске жетті

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или