Нил Мэгни кезекті қарсыласын жеңді

38 жастағы америкалық жартылай орта салмақтың тәжірибелі файтері Нил Мэгни (31-13) Австралияның Перт қаласында өткен UFC турнирінің басты кардында жанкүйерлерді таңғалдырды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.
Оның қарсыласы жергілікті спортшы Джейк Мэттьюс (22-8) болды.
Алғашқы екі раундта 31 жастағы Мэттьюс айқын басымдық танытты. Ол партерде қарсыласын толықтай бақылап, бірнеше рет жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтауға жақын болды. Екі раундтың қорытындысы бойынша барлық төрешілер есепті 20-18 есебімен австралиялыққа берді. Бұл Мэгнидің төрешілердің шешімімен ұпай санымен жеңу мүмкіндігінен алдын-ала айырды.
Алайда тәжірибелі америкалық соңғы раундта сенсация жасады. Үшінші раундтың аяқталуына екі минут қалғанда ол қарсыласын қылқындыру әдісімен жеңіп шықты.
Нәтижелер:
- Бұл Мэгнидің кәсіби мансабындағы 31-жеңісі болды.
- Ол қатарынан екінші рет мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
- Ал Мэттьюстің үш жеңістен тұратын сериясы үзілді.
Айта кетейік, 2022 жылдың маусым айында Нил Мэгни қазақстандық Шавкат Рахмоновтан мерзімінен бұрын жеңілген болатын.