«Оқжетпес» - «Астана» матчынан кейін Бабаян сұқбат берді

«Астананың» бас бапкері Григорий Бабаян «Оқжетпеспен» болған матчтың қорытындысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың баспасөз қызметі сілтеме жасап.
– Өте жақсы басталды, жылдам гол соқтық, бірінші таймда тағы да екі жүз пайыздық мүмкіндікті жүзеге асыра алмадық. Қарсылас өте төмен қорғанып, ойынын қарымта шабуылдарға құрды. Оларды бұзу қиын болды, сондықтан ойынның қарқыны да жоғары болмады. Соған қарамастан шабуыл шебі айқын сәттерге көп ие болды: Камара айып алаңынан екі рет соққы жасады, Назми де өз мүмкіндігін екінші таймда пайдалана алмады, Джефри бір-бірге шықты, Томасов та шабуылға қосылды. Бір жерде дәлдік жетіспеді, бір жерде асығыстық таныттық. 2:0 есебінен кейін үшінші голды соғуға болатын еді, бірақ өз қақпамызға күлкілі гол өткізіп алдық.
Бұл өте маңызды жеңіс, енді тағы да ұзақ үзіліс күтіп тұр. Жанкүйерлерге ерекше алғыс айтамыз, біз оларды естиміз, сезінеміз – осындай матчтарда барлығының бір мақсатта өмір сүргені аса маңызды. Барлық жанкүйерді жеңіспен құттықтаймын!