Қазақстандық спортшы әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық спортшы әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды

Спорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі Милад Карими Венгрияның Сомбатхе қаласында өтіп жатқан әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Қазақстандық спортшы биік штангада жеңіс тұғырынан көрінді.

Карими финалда 14,750 ұпай жинап, жеңіске жетті. Анхель Барахас (Колумбия) 14,650 ұпаймен екінші орын алды. Луциано Летелье (Чили) 14,250 ұпаймен үшінші болып мәреге жетті.

Дмитрий Патанин бұған дейін еден жаттығуында жеңіске жеткен болатын.

Қазақстандық спортшылардың алғашқы қарсыластары белгілі болды

Қазақстандық спортшы әлем чемпионатында үздік ондыққа енді

Қазақстандық 79 спортшы Сурдлимпиадада бақ сынайды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или