Анна Данилина Қытайдағы турнирді сәтті бастады

Қазақстандық Анна Данилина мен сербиялық теннисші Александра Крунич Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан WTA 1000 турнирін сәтті бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алғашқы айналымда Данилина мен Крунич Магда Линетт (Польша) пен Клара Таусонға (Дания) қарсы шығып, қарсыластарын 6:4, 6:2 есебімен ұтты.
Кездесу 1 сағат 12 минутқа созылды.
Бейжіңдегі турнирдің жүлде қоры 8 963 700 доллар. Жұптық сындағы жеңімпаздар әрқайсысы 457 150 доллар мен 1 000 рейтингтік ұпайға ие болады.
Әмір Омарханов Тунистегі жарыстың ширек финалына шықты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или