Италия бесінші мәрте әлемдік доданы жеңіп алды

Италия бесінші мәрте әлемдік доданы жеңіп алды


28 қыркүйекте Филиппинде ерлер арасындағы волейболдан әлем чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Финалда Италия құрамасы Болгарияны 3:1 есебімен (25:21, 25:17, 17:25, 25:10) жеңіп, алтын медаль иегері атанды.

Осылайша, Италия тарихында бесінші рет әлем чемпионы болды. Тек КСРО құрамасы ғана бұл көрсеткіштен озып тұр — олардың еншісінде 6 алтын бар.

Ал қола жүлде үшін өткен кездесуде Польша құрамасы Чехияны 3:1 есебімен ұтып, турнирді үшінші орынмен аяқтады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или