Муртазаевтың голы «Елімайға» драмалы жеңіс сыйлады

Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясында «Елімай» өз алаңында «Ордабасыны» 2:1 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қонақтар есепті ойын басталғанына небәрі 3 минут өткенде ашты — дәл соққының авторы Эльхан Астанов. Алайда семейліктер матчтың соңына қарай қарқынын үдетіп, ойынның тағдырын өз пайдасына шешті.
84-минутта Рамазан Оразов таразы басын теңестірсе, 90+6-минутта Роман Муртазаев шешуші гол соғып, командасына аса маңызды үш ұпай әкелді.
Бұл жеңістің арқасында «Елімай» турнирлік бәсекеде жағдайын жақсартты. Ал «Ордабасы» кестедегі орнын нығайту мүмкіндігін жіберіп алды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или