Месси 2028 жылға дейін «Интер Майамиде» қалатын болды

«Интер Майами» шабуылшысы Лионель Месси клубпен жаңа келісім бойынша келіссөздерді сәтті аяқтады, деп хабарлайды Prosports.kz Чемпионат сайтына сілтеме жасап.
Дереккөздердің мәліметінше, 38 жастағы аргентиналық ойыншы мен америкалық клуб барлық шарттар бойынша келісімге келген. Ресми түрде келісімшарттың ұзартылғаны алдағы апталарда жарияланады. Жаңа келісім 2028 жылдың соңына дейін жарамды болмақ. Сонымен қатар келісімді мерзімінен бұрын бұзу нұсқасы қарастырылған: Месси 2026 жылдың соңында, ал клуб 2027 жылдың соңында келісімді тоқтата алады.
Қазіргі келісімшарт 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Месси «Интер Майамиде» 2023 жылдың жазынан бері ойнап келеді. Осы уақыт ішінде ол 69 матчта 58 гол соғып, 28 нәтижелі пас берген. Бұған дейін Месси «Интер Майами» оның мансабындағы соңғы клуб болатынын айтқан еді.
Мадрид дербиінде жеті гол соғылып, «Атлетико» жеңіске жетті