Грипшидің дублі «Астанаға» маңызды жеңіс әкелді

Грипшидің дублі «Астанаға» маңызды жеңіс әкелді

ҚПЛ-дың 24-туры аясында елордалық «Астана» сырт алаңда «Оқжетпесті» 2:1 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу қаһарманы Назми Грипши болды. Ол екі голын да пенальтиден соқты — 5-минутта және 81-минутта. Қожайындар тек қосымша уақытта ғана жауап қайтара алды: 90+2-минутта Аширбек нәтижені қысқартты.

Бұл жеңістен кейін «Астананың» ұпай саны 52-ге жетіп, команда «Қайратты» бір ұпайға басып озды да, турнир кестесінде көш бастады. Ал «Оқжетпес» 32 ұпаймен жетінші орында тұр.

«Оқжетпес» – «Астана» – 1:2

Голдар: Әшірбек 90+2 – Назми Грипши 5 (пенальти), 81 (пенальти)

«Барселона» сырт алаңда жеңіске жетті

«Қайрат» - «Реал Мадрид» матчына билет сатылымы аяқталды

ҚПЛ-2025: Тамыз айының үздік ойыншысы мен бапкері анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или