Мадридтік «Реалдың» Алматыдағы базасы белгілі болды

Мадридтің «Реалы» Қазақстанға сапары кезінде Алматыдағы InterContinental қонақүйіне орналасады, деп хабарлайды Prosports.kz Sports24.kz сайтына сілтеме жасап.
Команда 29 қыркүйекте ұзақ, шамамен 10–12 сағатқа созылатын ұшудан кейін Алматыға жетпек. InterContinental Almaty — қала орталығындағы, Президент сарайы мен Республика алаңына қарсы орналасқан бес жұлдызды қонақүй.
Айта кетейік, «Реал» сапар алдындағы соңғы турда Ла Лигада алғаш рет жеңіліс тапты — «Атлетикоға» 2:5 есебімен есе жіберді. Дегенмен, Чемпиондар лигасында маусымды сәтті бастап, «Марсельді» 2:1 есебімен ұтты.
Ал «Қайрат» топтағы алғашқы кездесуін сырт алаңда өткізіп, лиссабондық «Спортингке» 1:4 есебімен жол берді. Тарихи «Қайрат» – «Реал» ойыны 30 қыркүйекте Алматыда өтеді. Басталуы – астана уақытымен 21:45.
«Барселона» сырт алаңда жеңіске жетті