Әлем чемпионы Каннаваро Қазақстан мен Өзбекстанның ұсынысын қабылдамады

Футболдан әлем чемпионы Фабио Каннаваро Өзбекстан ұлттық құрамасының бас бапкері болмайды, деп хабарлайды Prosports.kz Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.
Итальяндық маман ұсынысты қабылдамай, өз елінде клубтық деңгейде жұмыс істеу мүмкіндігін күтуді жөн көрген.
Сондай-ақ Каннаваро Қазақстан құрамасын басқару туралы ұсыныстан да бас тартқан.
Соңғы айларда Өзбекстан футбол қауымдастығы бірқатар белгілі бапкерлермен келіссөз жүргізіп келген. Олардың қатарында әлем чемпионы Йоахим Лёв (Германия), түрік маманы Фатих Терим және португалдық Паулу Бенту болды. Лёв пен Бенту да бұл ұсынысты қабылдамаған.
«Барселона» сырт алаңда жеңіске жетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или