Канелоның командасында жүрген қазақ боксшысы алғашқы бапкеріне автокөлік мінгізді

Канелоның командасында жүрген қазақ боксшысы алғашқы бапкеріне автокөлік мінгізді

Екінші орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық Бек Нұрмағанбет өзінің бірінші бапкеріне автокөлік мінгізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Бекке бокстың әліппесін үйреткен Ахмет Керімжанов күні бүгінге дейін балаларды спортқа тәрбиелеп келеді. Жуырда ол үй салып, қоныс тойын тойлаған. Салтанатты кешке АҚШ-тан арнайы келген Бек Нұрмағанбет бапкерге тосын сый жасап, көңілін босатқан.

«Бұл - алғашқы машинаңыз. Жетістікке жетіп жатсақ салоннан барып жаңасын алып беремін», - деді боксшы өзінің бірінші бапкеріне Toyota Camry автокөлігінің кілтін табыстады.

Бек Нұрмағанбет мексикалық даңқты боксшы Сауль «Канело» Альварестің командасында жаттығып жүр. Ол кәсіпқой рингте 15 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңіске жеткен, 13-і нокаутпен.


IBA ұйымы ерлер арасындағы әлем чемпионатын өткізетінін мәлімдеді

World Boxing президенті отставкаға кетсе Головкин басты үміткер атанады

Бокстан ұлттық құрама капитаны күтпеген мәлімдеме жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или