Хоккей. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне басты үміткер белгілі болды

Хоккей. Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне басты үміткер белгілі болды

«Барыстың» бапкерлерінің бірі Қазақстан құрамасының тізгінін ұстауы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz Meta-ratings.kz сайтына сілтеме жасап.

Дереккөздің хабарлауынша, хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне қазақстандық маман Талғат Жайлауов жетекші үміткер болып отыр. 40 жастағы жаттықтырушы маусымаралық кезеңде «Номадты» қабылдады, бірақ кейін «Барыстың» жаттықтырушылар штабына қосылды. Жайлауов бұған дейін Давид Немировский кезінде «Барыстың» бапкерлік штабында жұмыс істеген, бірақ Немировский қызметінен кеткеннен кейін «Номадқа» ауысты. Енді, Жайлауов Қазақстан құрамасының бас бапкері қызметіне басты үміткер атанды. Мансабын аяқтаған соң Жайлауов ​​«Сарыарқа» клубының директоры және жастар жаттықтырушысы қызметін атқарды.

2026 жылдың мамыр айында Қазақстан құрамасы Польшада өтетін І дивизиондағы әлем чемпионатында бақ сынап, жоғарғы дивизионға жолдама алу үшін таласады.


17 жастағы қазақстандық хоккейші Квебек лигасында жаңа клубқа өтті

Қазақстан құрамасының қақпашысы ҚХЛ матчының басты жұлдызы атанды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или