Мадрид дербиінде жеті гол соғылып, «Атлетико» жеңіске жетті

Мадрид дербиінде жеті гол соғылып, «Атлетико» жеңіске жетті

Испания Ла Лигасының 7-турындағы мадридтік «Атлетико» мен «Реалдың» матчы аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz Чемпионат сайтына сілтеме жасап.

Ойын Мадридтегі «Сивитас Метрополитано» стадионында өтті. Қос клубтың тартысты бәсекесінде алаң иелері 5:2 есебімен жеңіске жетті.

14-минутта «Атлетико» қорғаушысы Робен Ле Норман есеп ашты. 25-минутта қонақтар сапынан Килиан Мбаппе таразы басын теңестірді. 36-минутта Арда Гүлер «Реалды» алға шығарды. Алайда 45+3-минутта Александр Серлот есепті теңестірді. Екінші таймда «Атлетико» толықтай үстемдік етті: 54-минутта Хулиан Альварес пенальтиден гол соқты, 64-минутта айып соққысынан дубль жасады. Ал 90+3-минутта Антуан Гризманн қорытынды нүкте қойды.

Бұл жеңістен кейін «Атлетиконың» қоржынында 12 ұпай болып, команда бесінші орынға көтерілді. «Реал» 18 ұпайымен турнир кестесінің көшін бастап тұр.

«Барселона» сырт алаңда жеңіске жетті

«Қайрат» - «Реал Мадрид» матчына билет сатылымы аяқталды

ҚПЛ-2025: Тамыз айының үздік ойыншысы мен бапкері анықталды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или