Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогы кезеңінде екінші орын алды

Данил Васильев шаңғымен тұғырдан секіруден FIS кубогы кезеңінде екінші орын алды

Шаңғымен тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасының өкілі Данил Васильев Германияның Хинтерцартен қаласында өткен FIS кубогы кезеңінде күміс жүлдеге ие болды.

Ол ақтық сында 229,6 ұпай жинап, екінші орынды иеленді.

Австрия спортшысы Юлиан Шмид (229,8) жеңіске жетсе, словениялық Рок Облак та 229,6 ұпай жинап, Васильевпен бірге екінші орынды бөлісті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или