DAR Pro Team бапкері Алмабаевтың Переспен айқасына дайындығын айтты

DAR Pro Team бапкері Алмабаевтың Переспен айқасына дайындығын айтты

DAR Pro Team клубының бас бапкері Эдуард Базров шәкірті Асу Алмабаевтың UFC-дегі келесі жекпе-жегіне дайындық жоспарын бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz legalbet.kz сайтына сілтеме жасап.

«Біз дайындықты Бутаковкадағы базамызда өткіземіз. Бұл орта таулы аймақ – теңіз деңгейінен 1 550 метр биіктік. Америкаға барудың қажеті жоқ: ұзақ ұшып бару, бейімделу көп уақыт алады. Сондықтан дайындықты 1 қазанда осында бастап, әдеттегідей айқастан 21 күн бұрын Катарға барып, сонда жалғастырамыз», – деді ол.

Еске сала кетейік, Алмабаев (22-3) UFC-дің жеңіл салмақтағы рейтингінде 12-орында тұр. Оның қарсыласы Алекс Перес (25-9) алғашқы ондықтағы спортшылардың бірі және қазіргі таңда 10-орынды иеленіп отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или