Рыбакина Жапониядағы додада төртінші нөмір болып тіркелді

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина 20–26 қазан аралығында Токиода өтетін WTA 500 санатындағы турнирге ресми түрде қатысушылар қатарына енді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жарыста Рыбакина төртінші нөмір болып тіркелді. Одан жоғары орындарда америкалық Джессика Пегула, «Ролан Гаррос» чемпионы, италиялық Жасмин Паолини және Қытай өкілі Чжэн Циньвэнь тұр.
Жапонияға жол тартпас бұрын қазақстандық спортшы Қытайдағы бірнеше ірі турнирде бақ сынайды. Ол Пекин, Ухань және Нинбо қалаларында өтетін жарыстарға қатысады. Бұл сындар қараша айында Эр-Риядта өтетін WTA маусымдық финалына жолдама алу үшін шешуші мәнге ие болмақ.
Әмір Омарханов Тунистегі жарыстың ширек финалына шықты
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или