Милад Карими Challenge Cup турнирінің финалында өнер көрсетеді

Мажарстанның Сомбатхей қаласында спорттық гимнастикадан биылғы Challenge Cup сериясының соңғы турнирі өтіп жатыр.
Іріктеу нәтижесінде Ұлттық құраманың 2 спортшысы ақтық сынға жолдама алды. Әлем чемпионатының қола жүлдегері Милад Карими керме жаттығуында көш бастады. Ал Дмитрий Патанин 2 дисциплинада - қос сырық пен еркін жаттығуда жүлдеге таласады.
Айта кетейік, еркін жаттығудан жүлдегерлер бүгін анықталады. Ал керме мен қос сырықтан ақтық сайыс ертең, жексенбіге жоспарланған.
Барлығы Сомбатхейдегі турнирге 38 мемлекеттен гимнастар жиналды. Қазақстан командасы сапында Милад Карими, Диас Тойшыбек, Дмитрий Патанин, Роман Маменов бар.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или