UFC чемпионы Двалишвили тарихи турнирге қатысуға дайын

Қазіргі UFC-дің жеңіл салмақтағы (61 кг дейін) чемпионы Мераб Двалишвили 2026 жылдың маусымында Ақ үй аумағында ұйымдастырылуы жоспарланған ерекше турнирге қатысуға ниет білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Грузиялық спортшының айтуынша, ол негізгі кардта болмаса да, алдын ала жекпе-жектерде өнер көрсетуге дайын.
«Мұндай турнирде қуана шығады екенмін. Тіпті прелимде ашып шықсам да, мен үшін үлкен қуаныш. Ешқандай мәселе жоқ. Себебі бұл кешке Топурия, Макгрегор мен Джон Джонс қатысқысы келеді деп естідім», – деді Двалишвили Championship Rounds парақшасына берген сұхбатында.
Айта кетейік, Мерабтың келесі жекпе-жегі 5 қазанда өтетін UFC 320 турнирінде болады. Оның қарсыласы жеңіл салмақтағы уақытша чемпион атағына бұрын үміткер атанған америкалық Кори Сэндхаген болмақ.