Дмитрий Крамаренко Ресей клубының бас бапкері атанды

Дмитрий Крамаренко Ресей клубының бас бапкері атанды

Қазақстандық маман Дмитрий Крамаренко Ресей клубының бас бапкері болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

46 жастағы Крамаренко хоккей жанкүйерлеріне, ең алдымен, астаналық «Барыстың» алғашқы тафгайы ретінде таныс. Ол бапкерлік жолында Түркия жастар құрамасында, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей клубтарында жұмыс істеген.

Крамаренко ойыншы кезінде үш маусым бойы «Барыс» сапында қорғаныс шебінде ойнаған. Қарағанды тумасы айқастарымен есте қалған.

Енді ол МХК «Динамо-Карелия» клубының тізгінін ұстады. Қазіргі таңда бұл команда Жастар хоккей лигасының аутсайдерлерінің бірі саналады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или