UFC жұлдызы Гейбл Стивесонды жаттықтыра бастады

UFC жұлдызы Гейбл Стивесонды жаттықтыра бастады

Бұрынғы UFC чемпионы Джон Джонс ММА-ға бапкер ретінде оралды, деп хабарлайды Prosports.kz. Америкалық спортшы олимпиада чемпионы Гейбл Стивесонмен бірге жұмыс істей бастады.

Джонстың айтуынша, ол ұзақ уақыт бойы бапкерлік жайлы ойлап жүрген, бірақ ерекше дарынды спортшымен ғана жұмыс істеуді қалаған. «Мәселе оның қолынан келе ме, келмей ме дегенде емес, қашан чемпион болатынында. Мен әрқашан табысқа толық берілген спортшымен ғана жұмыс істеймін деп айттым. Енді сондай жігітті таптым. Болашақта менің тәжірибемде де әлем чемпионын тәрбиелеген бапкер деген атақ тұрады», – деді Джонс.

Еске салайық, 25 жастағы Стивесон қыркүйекте LFA 217 турнирінде октагонға шығып, Брайден Патерсонды бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или