Қазақстан және Өзбекстан жастары мен жасөспірімдер құрамалары өзара жолдастық матчтар өткізеді

Қазақстан және Өзбекстан жастары мен жасөспірімдер құрамалары өзара жолдастық матчтар өткізеді

Қазақстан жастар және жасөспірімдер құрамалары өзбекстандық құрдастарымен жолдастық ойындар өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

12 және 14 қазан күндері Ташкент қаласында Қазақстан мен Өзбекстан жастар құрамалары арасында екі жолдастық ойын жоспарланған. 

Ал 3-14 қазан күндері аралығында Алматыда 15 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамалары арасында екі жолдастық матч өтеді. 

Қазақстан футбол федерациясы мен Өзбекстан футбол қауымдастығы арасындағы ынтымақтастыққа көп жыл болды. Ұйымдар арасындағы қарым-қатынас әрқашан өзара құрмет пен серіктестікке негізделген. 

Соның бір айғағы – ұлттық құрамадан бастап балалар мен әйелдер құрамалары арасындағы жолдастық ойындар. Бұған дейін Шымкентте екі елдің U-16 жасөспірімдер құрамасы кездессе, Ташкентте WU-19 қыздар құрамалары өзара екі ойын өткізді.

Бұл туралы Қазақстан футбол федерациясы мәлімдеді.

«Қайрат» - «Реал Мадрид» матчына билет сатылымы аяқталды

ҚПЛ-2025: Тамыз айының үздік ойыншысы мен бапкері анықталды

ҚПЛ: «Қайрат» турнир кестесінде көш басына шықты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или