«Барыс» ХК канадалық қорғаушымен келісімшартқа отырды

«Барыс» хоккей клубы тәжірибелі қорғаушы Тайлер Уозерспунмен біржақты келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Келісім бір маусымға есептелген. Ол 2026 жылдың 31 мамырына дейін күшінде болады.
Тәжірибелі хоккейші АХЛ-де 700-ден астам матч өткізген, сондай-ақ ҰХЛ-де 36 ойынға қатысқан. 2022 жылы Уозерспун Канада құрамасының сапында Бейжің Олимпиадасына қатысты.
Өткен маусымда ол «Монреаль Канадиенстің» фарм-клубы – «Лаваль Рокет» командасында ойын көрсетті. Онда 79 кездесуде (оның ішінде плей-оффтағы 7 ойында) Тайлер 2 шайба соғып, 16 нәтижелі пас берді.
«Барыс» қатарынан төртінші матчта жеңіліп қалды
17 жастағы қазақстандық хоккейші Квебек лигасында жаңа клубқа өтті
Қазақстан құрамасының қақпашысы ҚХЛ матчының басты жұлдызы атанды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или