Лионель Месси Америкада рекорд орнатты

Лионель Месси Америкада рекорд орнатты

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси МЛС-те рекорд орнатты, деп хабарлайды Prosports.kz

«Интер Майами» 25 қыркүйек күні сырт алаңда «Нью-Йорк Ситимен» кездесіп, 0:4 есебімен жеңіске жетті.

Аталған матчта Месси екі гол соғып, бір ассист жасады. Қазір лига сұрмергендері тізімінде 24 голмен көш бастап келеді.

Сондай-ақ бүгінгі матчтан кейін МЛС-те екі маусым қатарынан 35+ голға атсалысқан (гол+пас) алғашқы футболшы атанып үлгерді.

  • 2024 жыл: 36 (20 гол + 16 пас)
  • 2025 жыл: 37+ (24 гол + 13 пас).

Айта кетейік, МЛС лигасы жылдың соңына дейін жалғасатын болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или