Серхио Бускетс маусым соңында мансабын аяқтайды

Испаниялық футболшы Серхио Бускетс маусым соңында мансабын аяқтайды, деп хабарлайды Prosports.kz.
37 жастағы «Интер Майами» жартылай қорғаушысы 2025 жылғы маусым аяқталғаннан кейін кәсіби мансабын аяқтайтынын мәлімдеді.
Бускетс «Барселона» клубының түлегі. Оның сапында 15 маусым ойнап, 30 трофей жеңіп алған. 3 рет Чемпиондар лигасын, 9 рет Ла Лига титулын иеленді. Испания құрамасы сапында 143 матч өткізіп, 2010 жылы Әлем, ал 2012 жылы Еуропа чемпионы атанды.
2023 жылдан бастап ол америкалық «Интер Майами» клубында ойнап келеді.
«Барселона» сырт алаңда жеңіске жетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или