Елена Рыбакина Қытайдағы турнирді жеңіспен бастады

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Қытайдағы турнирді жеңіспен бастады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз (№10) China Open WTA 1000 турнирінің 1/32 финалында америкалық Кэти Макналлиді (№90) 2:1 (7:5, 4:6, 6:3) есебімен жеңді.
Келесі кезеңдегі қарсыласы германиялық теннисші Ева Лис (№66) болады.
Айта кетейік, турнирдің жалпы жүлде қоры 8 963 700 долларды құрайды.
Қазақстандық теннисші Қытайдағы турнирдің іріктеу кезеңін сенімді бастады
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или