Үш футзалшы Қазақстан ұлттық құрамасынан кетті

Үш футзалшы Қазақстан ұлттық құрамасынан кетті

Шыңғыс Есенаманов, Дуглас және Лео футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасымен қош айтысты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Есенаманов құрамадағы мансабын 2009 жылы бастаған еді. Содан бері 118 ойынға қатысып, 35 гол соқты.

Дуглас 2015 жылы алғашқы матчын өткізген. Осы аралықта 91 ойынға шығып, 65 рет қарсылас қақпасының торын тулатты.

Ал Лео 2014 жылдан бері Қазақстан намысын қорғады. Жалпы 66 ойында 30 голдың авторы атанған.

Игита егер Кака шақырса, құрамада әлі ойнауға дайын екенін мәлімдеген еді. 

Ал Қайрат Оразбековтің айтуынша, 2022 жылдан бері «Қайратта» ойнап келе жатқан Кайо Руис Қазақстан құрамасына шақырту алуы бек мүмкін.

Шыңғыс Есенаманов: «Мен үшін соңғы іріктеу кезеңі болды»

Дәурен Тұрсағұлов: «Келесі іріктеу кезеңіне дайындаламыз»

Игита: «Ұлттық құрама үшін ойнауға әркез дайынмын»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или