Тас жолдағы велоспорттан әлем чемпионаты: қазақстандықтар топтық жарыста мәре сызығына жете алмады

Тас жолдағы велоспорттан Кигалида (Руанда) өтіп жатқан әлем чемпионатында U23 санатындағы қыздар арасындағы топтық жарыс аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-іне сілтеме жасап.
Спортшыларға 119,3 шақырымдық қашықтықты бағындыру қажет болды. Франция өкілі Селия Жери жарысты бірінші болып аяқтады.
Күміс жүлдені Словакия спортшысы Виктория Чладонова иеленсе, қола жүлде Испания атлеті Паула Бласиға бұйырды.
Қазақстан құрамасы атынан екі спортшы сынға түсті. Алайда Виолетта Казакова мен Елизавета Склярова қашықтықты аяқтай алмады.
«Aстана» Бельгиядағы велобәйгеде бақ сынайды
«Астана» шабандозы Франциядағы жарыста үшінші орын алды
«Астана» командасының «Коппа Сабатини» жарысына қатысатын құрамы белгілі болды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или