Атақты Санти Касорла 21 ғасырда Ла Лига рекордын орнатты

«Реал Овьедоның» жартылай қорғаушысы Санти Касорла 21 ғасырда Ла Лига матчын бастаған ең қарт ойыншы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл туралы Opta статистикалық қызметі хабарлады.
Касорла «Овьедо» үшін Испания лигасының алтыншы турында «Барселонаға» қарсы ойында 40 жас 286 күнде бастады.
Ойыншы Реал Овьедоға 2023 жылы қосылды. Осы жазда жартылай қорғаушы командамен келісім-шартын 2026 жылға дейін ұзартты. Испандық клуб сапында 67 кездесу өткізіп, бес гол соғып, 9 нәтижелі пас берді.
Ла Лиганың бес турынан кейін «Овьедо» үш ұпаймен турнир кестесінде 18-ші орында тұр.
«Барселона» сырт алаңда жеңіске жетті
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или