«Барселона» сырт алаңда жеңіске жетті

«Барселона» Испания чемпионатының алтыншы турында «Овьедоны» жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Овьедодағы «Нуэво Карлос Тартье» стадионында өткен матч 3:1 есебімен блаугрананың пайдасына аяқталды.
Алберто Рейна 33-минутта қақпашы Жоан Гарсияның қателігінен кейін алаңның ортасынан гол соғып, есеп ашты. «Барселонаның» екінші таймдағы голдарын Эрик Гарсия (56-минут), Роберт Левандовски (70-ші) және Рональд Араухо (88-ші) соқты.
Ханс-Дитер Флик жаттықтыратын «Барселонаның» 16 ұпайы бар және Ла Лига кестесінде екінші орында тұр. Велько Паунович жаттықтыратын «Овьедо» үш ұпаймен 18-ші орында.
Келесі турда «Барселона» 28 қыркүйекте «Реал Сосьедадты» қабылдаса, келесі күні «Овьедо» сыртта «Валенсиямен» ойнайды.
«Қайрат» - «Реал Мадрид» матчына билет сатылымы аяқталды