Елордалық «Барыс» қатарынан төртінші матчта жеңіліп қалды

Астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының кезекті матчында қазандық «Ак Барсқа» қарсы өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Астаналық команда сапындағы Адам Шил 14-секундта алғашқы шайбаны жіберіп алды. Үшінші кезеңнің басында қонақтар есепті еселеді. Араға аз уақыт салып Майкл Веккьоне айырмашылықты қысқартты, алайда бұдан әріге «Барыстың» шамасы жетпеді. Кездесу 1:2 есебімен аяқталды. Бұл елордалық клубтың қатарынан төртінші жеңілісі болды.
27 қыркүйекте «Барыс» өз алаңында «Сибирь» командасын қабылдайды.
«Барыс» (Астана, Қазақстан) — «Ак Барс» (Қазан, Ресей) 1:2 (0:1, 0:0, 1:1)
Шайбалар:
0:1 — 00:14 Алистров (Семёнов, Барабанов)
0:2 — 42:37 Дыняк
1:2 — 42:56 Веккьоне (Масси, Морелли)
Қақпашылар: Шил — Билялов.
Александр Овечкин мұзға қайта шықты
17 жастағы қазақстандық хоккейші Квебек лигасында жаңа клубқа өтті
Қазақстан құрамасының қақпашысы ҚХЛ матчының басты жұлдызы атанды