Италиядағы римдік дерби жанкүйерлердің саяси баннерлерімен есте қалды

«Лацио» мен «Рома» жанкүйерлері римдік дербиден кейін шуға ілікті, деп хабарлайды Prosports.kz.
21 қыркүйекте өткен матч Италия футболындағы ең қызу кездесулердің бірі болды. «Курва Суд» («Рома» жанкүйерлері) мен «Курва Норд» («Лацио» фанаттары) бір-бірінің қас жауы саналса да, саяси көзқарастары бойынша ортақ бағытты ұстанатынын көрсетіп берді. Екі жақтың ықпалды топтары да ультраоңшылдар болып шықты.
Осы жолы олар трибунада «кім нағыз фашист?» деген жарысқа түсті. «Рома» фанаттары қарсыластарын «антифашистер» деп мазақтап, «Лацио» тарихындағы ойыншы әрі партизан болған Иво Битеттиге тиісетін баннерлер ілді. Тіпті, «Лацио е Libertà» атты антифашистік топты меңзеп, «Лацио – еркіндік, шындық ашылды» деген жазулар көрсетті.
Ал «Лацио» жанкүйерлері бұған жауап ретінде өз тарихындағы Битеттиді «сатқын жанкүйер» деп атаған баннерлерін жайып, өздерінің ультраоңшыл бағытынан бас тартпайтынын аңғартты.
«Қайрат» - «Реал Мадрид» матчына билет сатылымы аяқталды