Hades 2 — 2025 жылдың ең жоғары бағаланған ойыны

Hades 2 — 2025 жылдың ең жоғары бағаланған ойыны

Supergiant Games студиясының рогалик жанрындағы сиквелі Metacritic порталында ПК мен Nintendo Switch үшін 95/100, ал жаңа Nintendo Switch 2 нұсқасында 94/100 ұпай жинады. Салыстыра кетсек, алғашқы бөлімі 93/100 баға алған еді. PS5 пен Xbox нұсқалары әзірге жарияланған жоқ.

Жаңа ойында басты назар Загрейден оның әпкесі Мелинаға ауысқан. Жанкүйерлердің алаңдаушылығына қарамастан, сыншылар жоба алғашқы бөлімнің сиқырын сақтап қалғанын, сонымен қатар жаңа идеялар мен механикаларды енгізгенін атап өтті.

Hades 2 «Clair Obscur: Expedition 33», «Hollow Knight: Silksong» және инди-хит «Blue Prince» сияқты ойындарды басып озды. Дегенмен жыл соңына дейін тағы бірнеше ірі релиз күтіліп отыр, сондықтан «Жыл ойыны» атағы үшін бәсеке жалғаса бермек.

Ойынның ресми релизі 25 қыркүйекте сағат 21:00-де (Астана уақыты) ПК және Nintendo Switch платформаларында өтеді. Жоба 2024 жылдың мамырынан бастап early access кезеңінде болып, Steam қолданушыларынан оң пікірлер жинап үлгерген.

Қазақстандық киберспортшы MIBR командасының сапына ауысты

Қазақ киберспортшысы Novaq командасынан кетті

Қазақстандық снайпер alkarenn Team Spirit академиясынан Heroic сапына ауысты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или