Алматылық клуб қақпашы мәселесін ішкі резервпен шешпек

Алматылық «Қайрат» қақпашылар сапындағы қиындықтарға қарамастан жаңа ойыншыны шақырмауды ұйғарды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Телеграм-арна «ЖаркOFF»-тың клубтағы дереккөзіне сүйенсек, команда сырттан голкипер алуға ниетті емес.
Негізгі қақпашылар Александр Заруцкий мен Темірлан Анарбеков жарақат алғандықтан, Чемпиондар лигасында мадридтік «Реалға» қарсы өтетін алдағы ойында қақпаны Шерхан Қалмұрза қорғауы мүмкін.
Күтіліп отырғандай, ұлттық құрама матчтарынан кейін Заруцкий алаңға қайта оралады.
Айта кетейік, бұған дейін БАҚ-та «Қайратқа» қарағандылық «Шахтер» қақпашысы, Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысы Игорь Шацкий ауысуы мүмкін деген ақпарат тараған еді.
«Қайрат» - «Реал Мадрид» матчына билет сатылымы аяқталды
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или